Компания іс-шаралары

«ГЕОКЕН» — Геологиялық барлау колледжінің 95 жылдығында

«ГЕОКЕН» ҒӨО» ЖШС өкілі Семей қаласындағы Геологиялық барлау колледжінің 95 жылдығына арналған «Бастауынан болашаққа» мерейтойлық іс-шарасына қатысты.

Бағдарлама аясында геологиялық барлау саласына мамандар даярлау, білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ жабдықтар мен инновациялар көрмесі, сала ардагерлерімен, түлектермен және студенттермен кездесулер ұйымдастырылды.

Колледж ұжымын мерейтойымен құттықтап, білікті мамандар даярлау жолында табыс тілейміз!