Компания жаңалықтары

Абай облысында аэромагниттік зерттеу жұмыстары аяқталды!

«ГЕОКЕН» ҒӨО командасы Абай облысындағы бірнеше учаскеде аэромагниттік және гравиметриялық зерттеулерді аяқтады.Ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы шамамен 7 мың погондық километр аэромагниттік түсірілім орындалды. Магнитометрдің орташа ұшу биіктігі 25 метрді құрады. Зерттеу дәлдігін арттыру үшін жерүсті магниттік-вариациялық бақылаулар да жүргізілді.Сонымен қатар, шамамен 1,5 мың физикалық нүктеде гравибарлау жұмыстары орындалып, түсірілім дәлдігі 0,014 мГал құрады. Алынған деректер магниттік аномалияларды анықтауға және аумақтардың геологиялық құрылымын нақтылауға мүмкіндік береді.Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде, ал кейбір учаскелерде жоспардан бұрын аяқталды. Заманауи технологиялар мен тәжірибелі мамандар командасы шалғай және жетуі қиын аумақтарда тиімді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.