Компания іс-шаралары

«ГЕОКЕН» ҒӨО» ЖШС — Central Asia ArcGIS User Conference 2026 конференциясында

«ГЕОКЕН» ҒӨО» ЖШС заманауи геоақпараттық технологияларға арналған Central Asia ArcGIS User Conference конференциясына қатысты «Жер қойнауын пайдалану, геология және геологиялық барлаудағы ГАЖ» атты салалық сессия аясында геологиялық процестерді цифрландыру, жасанды интеллект пен спектрлік талдауды қолдану, сондай-ақ кен орындарын іздеу және геологиялық деректерді өңдеу кезінде ГАЖ-технологияларын пайдалану бойынша өзекті шешімдер қарастырылды.Конференцияға қатысу жаңа салалық әзірлемелермен танысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Цифрлық технологияларды дамыту және кәсіби тәжірибе алмасу — геологиялық барлау жұмыстарын жетілдірудің маңызды бағыттары.