Қарағанды облысындағы гироскопиялық инклинометрия жұмыстары!
2026-10-27 18:14
Қарағанды облысында ұңғымаларға кешенді геофизикалық зерттеулер жалғасуда. Зерттеу кешеніне гироскопиялық инклинометрия, гамма-каротаж (ГК), кедергілер каротажы (КС), өздігінен поляризациялану потенциалдарының каротажы (ПС), магниттік қабылдағыштық каротажы (КМВ) және индукцияланған поляризация каротажы (ВП) кіреді. Қазіргі уақытта шамамен 2,5 мың погон метр зерттеу жұмыстары орындалды.«ГЕОКЕН» ҒӨО мамандары бұрғылау барысында ұңғыма траекториясын бақылап, азимут пен зениттік бұрыштың өзгеруін өлшейді. Бұл ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтап, бұрғылау бағытын бақылауға мүмкіндік береді.Жоба аясында ұңғымалар бөлімінің басшысы далалық топқа барып, жұмыстардың барысын, алдағы міндеттер мен жобаны іске асырудың келесі кезеңдерін талқылады.