«ГЕОКЕН» ҒӨО PDAC 2026 халықаралық конференциясына қатысады
2026-03-02 10:42
«ГЕОКЕН» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС 2026 жылғы 1–4 наурыз аралығында Торонто қаласында (Канада) өтіп жатқан тау-кен өнеркәсібі саласындағы ең ірі халықаралық көрме және конференция — PDAC 2026 іс-шарасына қатысады.
PDAC — геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі және геофизика саласындағы мамандарды біріктіретін әлемдегі ең ірі халықаралық алаңдардың бірі. Бұл іс-шараға жетекші компаниялар, инвесторлар және саланың сарапшылары қатысады.
Көрме аясында «ГЕОКЕН» ҒӨО жерүсті және аэро-геофизикалық зерттеулер, инженерлік ізденістер, геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеу және интерпретациялау салаларындағы тәжірибесі мен мүмкіндіктерін таныстырады. Сонымен қатар халықаралық серіктестік пен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылайды.
PDAC 2026 көрмесіне қатысу компанияның халықаралық бағыттағы дамуын жалғастыруға және кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.