Геодезиялық жұмыстар

Қазіргі геодезия – күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық және басқа да аспаптарды қолдану арқылы орындалатын арнайы өлшеулер және олардың нәтижелерін кейіннен математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешетін көп қырлы ғылым.

«ГЕОКЕН» ҒӨО кең ауқымды жобаларында геодезияның өзіндік жұмыстарды да (топографиялық түсіру, ГАЖ, деформацияны бақылау және т.б.) және қосалқы жұмыстарды (әуе және теңіз кемелерінің навигациясы, геофизикалық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету, т.б.) атқаратын үлкен ғылыми және практикалық маңызы бар.

Жұмыстың негізгі түрлері:

 

  • Әртүрлі масштабтағы топографиялық түсіру;
  • Құрылыс жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету;
  • Геофизикалық және геологиялық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету;
  • Жер асты коммуникацияларын іздеу және зерттеу;
  • Атқарушылық түсірілім;
  • 3D лазерлік сканерлеу;
  • LIDAR түсірілім;
  • Әртүрлі объектілердің геодинамикалық мониторингі;
  • Навигациялық қолдау;
  • Геодезиядағы супервайзерлік қызметтер.

Артықшылықтары

Компания НПЦ Геокен использует инновационные технологии, современное высокотехнологичное оборудование и передовое программное обеспечение для выполнения геодезических работ. Команда опытных профессионалов выполнит работы по геодезии с высоким качеством в минимальные сроки.

Ең маңызды жобалар

  • 2014-2019 жж.Прорвадағы көлік каналының құрылысын қадағалау, батиметриялық түсірілімдер мен жер жұмыстарының сапасын бақылау, қазу көлемдерін есептеу;
  • 2016 ж. Дунга кен орнындағы геотехникалық зерттеулер (Maersk Oil Kazakhstan GmbH);
  • 2013 ж. Бозашы түбегіндегі болжамды құбыр жолының құрлық бөлігі бойынша инженерлік-геологиялық зерттеулер;
  • 2011-2013 жж. «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін арттыру. Инженерлік-геологиялық, инженерлік-геодезиялық, электрометриялық жұмыстар. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары;
  • 2004-2012 жж.Қашаған кен орнындағы құрылыс жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз етудің толық кешені;
  • 2003-2004 жж.Қазақстан-Қытай газ құбырының бірінші желісін салу бойынша инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары.

Қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін ГЕОКЕН мамандарына хабарласыңыз.