«ГЕОКЕН» ҒӨО Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы
«ГЕОКЕН» ҒӨО білім сапасын арттыру мақсатында Каспий университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» факультетіне геофизикалық құрал-жабдықтарды беру түрінде демеушілік көмек көрсетті. Жабдық практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда және оқу геофизикалық тәжірибесін жүзеге асыруда қолданылады. Компанияның жас қызметкерлері осы университетте магистратурада білім алуда.
2016 жылдың мамыр айында КеАҚ ҚазҰТУ КеАҚ ректоры. И.Қ. Бейсембетов мырзамен өзара ынтымақтастық туралы келісім мен бағдарламаға қол қойылды. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында «ГЕОКЕН» ҒӨО геофизика кафедрасының бакалаврларына, магистранттарына және докторанттарына өндірістік және бакалавриат тағылымдамаларын өту, ғылыми тағылымдамадан өту және кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға көмек көрсетеді. Ғылыми мақалалар, жұмыстар және диссертациялар жазу үшін қажетті геологиялық-геофизикалық материалмен қамтамасыз етеді. 2019 жылдың қаңтар айында Бас директордың 1-орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты П.Н. Коврижных Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің жаңа Мамандық жіктеуішінің талаптарына сәйкес бакалавр, магистратура және докторанттарға арналған білім беру бағдарламалары бойынша Пікір жазуға қатысып, геофизик мамандарды дайындауға баға жетпес үлес қосты. «ГЕОКЕН» ҒӨО қызметкерлері геофизика кафедрасының оқытушылары, ғылыми жетекшілері болып табылады. Олар әртүрлі аттестаттау жұмыстарын қабылдау кезінде Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады және университеттің түрлі ғылыми семинарларына белсенді атсалысады. «ГЕОКЕН» ҒӨО – студент геофизиктер қоғамының (SEG) тұрақты меценаты. меценатом студенческого общества геофизиков (SEG).
«ГЕОКЕН» ҒӨО Еуропалық Одақтың TEMPUS QUEECA «Орталық Азиядағы сапалы инженерлік білім» жобасы аясындағы «Инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесі: білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және инженер мамандарды сертификаттау» жиынының қатысушысы. Жиын мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ИИДМБ-2 және ҚР қызмет саласын дамыту бағдарламасы стратегиялық міндеттерін іске асыру шеңберінде сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу мен сертификаттаудың бірыңғай жүйесін құру.
«ГЕОКЕН» ҒӨО қызметкерлері біліктілігін дамыту аясындағы ТМД жетекші университеттерімен ынтымақтастығы
«ГЕОКЕН» ҒӨО қызметкерлері келесі оқу бағдарламаларын сәтті аяқтады:
- магистратура
- MBA
- PhD докторантура аясында ғылыми тағылымдамадан өтеді
- Ухань университеті (Қытай), Данди университеті (Шотландия), Хериот-Ватт университеті (Ұлыбритания), Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), КИМЭП университеті (Қазақстан), ҚБТУ (Қазақстан), Назарбаев университеті (Қазақстан), Каспий университеті және т.б. университеттерде бакалавр дәрежесі.
Өндірістік тағылымдамадан өту орындарын қамтамасыз ету аясында ғы «ГЕОКЕН» ҒӨО-ның ТМД ЖОО-мен ынтымақтастығы
«ГЕОКЕН» ҒӨО тағылымдамадан өту орындарын ұсыну арқылы ТМД университеттерінің студенттеріне өзінің әлеуеті мен білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Практикант студенттер әртүрлі геофизикалық, аэро және теңіз зерттеулеріне қатысып қана қоймай, сонымен қатар «ГЕОКЕН» ҒӨО компаниясына тиесілі озық бағдарламалық жүйелерді пайдалана отырып, деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістерімен танысуға мүмкіндік алады.
Жас мамандардың біліктілігін арттыру
«ГЕОКЕН» ҒӨО қызметкерлерінің орташа жасы – 30 жасты құрайды. Жас қызметкерлер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының магистратура және PhD докторантурасының түлектері. Соңғы екі жылда әртүрлі дәйексөз индексі (импакт-фактор) бар мақалаларды қоса алғанда, ғылыми журналдарда жарияланған мақалалардың жалпы саны – 26.