ГЕОКЕН – Жас геологтардың VII халықаралық далалық олимпиадасының демеушісі

Щучинск қаласында Академик Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Жас геологтардың VII халықаралық далалық олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Шараға Қазақстанның әр өңірінен, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстан келген оқушылардан 20 команда жиналды.
Жеңімпаз команда 2025 жылы өтетін жас геологтардың Бүкілресейлік олимпиадасына барады.
Олимпиаданың негізгі ұйымдастырушысы – «Жас геолог» корпоративтік қоры.
Олимпиаданың мақсаты – жастарға ерте кәсіптік бағдар беру, оқушылардың геология ғылымына деген қызығушылығын арттыру, геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы маңызын кеңінен насихаттау, дарынды балаларды анықтау және қолдау, геоэкология және жер қойнауын қорғау мәселелеріне мектеп оқушыларының назарын аудару.
«ГЕОКЕН» ҒӨО» ЖШС осы айтулы шараның демеушісі болғанын мақтан тұтады және мұндай бастамаларды қолдау – жас таланттардың дамуына және олардың геология ғылымына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен табыс тілейміз!