«ГЕОКЕН» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ( «ГЕОКЕН» ҒӨО) – кең ауқымды геологиялық-геофизикалық, ғылыми-тақырыптық және инженерлік-іздестіру жұмыстарын орындайтын, білікті мамандары бар, заманауи әдістерді, ең жаңа жабдықтар мен технологияларды қолданатын жоғары технологиялық сервистік компания.

«ГЕОКЕН» ҒӨО – 1997 жылы «Аэрогофизикалық экспедиция» АҚ және Қазақ Бүкілодақтық барлау геофизика институты (КазВИРГ) филиалының негізінде құрылған.

Бүгінде «ГЕОКЕН» ҒӨО Қазақстан Республикасындағы жетекші және қарқынды дамушы сервистік компаниялардың бірі.

«ГЕОКЕН» ҒӨО келесі кәсіподақтар мен ғылыми қоғамдастықтардың белсенді мүшесі:

  • Халықаралық Аэрофизикалық мердігерлердің қауымдастығы (IAGC);
  • “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы (ҰКП);
  • «Kazenergy» Қазақстан Мұнай-Газ және Энергетика Кешені Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі;
  • Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы;
  • Қазақстан Геологтар одағы «ҚазГео»;
  • Халықаралық әуе геофизикалық қауіпсіздік қауымдастығы (IAGSA).

Компания «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ адал жеткізушілер тізіміне енген.

Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесі халықаралық және қазақстандық стандарттарға сәйкестігіне сертификатталған:.

  • ISO 9001:2015, ҚР СТ ИСО 9001-2016 «Сапа менеджмент жүйелері»;
  • ISO 14001:2015, ҚР СТ ИСО 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері»;
  • ISO 45001:2018, ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі».

2021 жылы Компания «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ «Сапа көшбасшысы» болып белгіленді.


«ГЕОКЕН» ҒӨО қызметтерінің негізгі бағыттары мен түрлері:

  • Геофизикалық зерттеулер;
  • Аэрогеофизикалық зерттеулер;
  • Теңіз геофизикалық және гидрографиялық зерттеулер;
  • Инженерлік зерттеулер;
  • Кешенді интерпретация және геологиялық модельдеу;
  • Картография және ГАЖ қызметтері;
  • Жер қойнауының геодинамикалық мониторингі және радиоэкологиялық бақылау;
  • Аэрофототүсірілім;
  • Кеңес беру қызметтері.

«ГЕОКЕН» ҒӨО клиенттері мен серіктестері:

  • Мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті);
  • Ұлттық компаниялар (ҚМГ ҰК, «Қазгеология» АҚ, «KING» АҚ, «Самрұқ-Қазына» АҚ);
  • Халықаралық компаниялар, БК (НКОК Н.В., Сатоп, Аджип ККО, КМОК, КПО, НОК, ТШО, Майерск Ойл, КАЗЦИНК, Бузачи Оперейтинг, Қаражанбасмунай, Қазгермұнай, РиоТинто және т.б.);
  • Қауымдастықтар (IAGC, IAGSA, ҚР ҰКП, СИК, ССК);
  • Университеттер мен институттар (Сейсмология институты, ҚазҰТУ, ҚБТУ, ҚМЭБИ, Мәскеу мемлекеттік университеті);
  • Жергілікті және шетелдік сервистік компаниялар (FUGRO, Phoenix Geophysics, KGNT, КаспГео, EEL, КАПЭ, СГП және т.б.).